Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Арыстық бүлдіршіндер Қостанайда

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.08.2019 176 0 пікір

Қазіргі таңда Қостанай облысының Арқалық шаһарында Арыс қаласынан келген 70 бала демалуда. Олар «Құрылысшы» деп аталатын демалыс лагерінде орналасқан. 

Алыстан келген балдырғандардың жай-жапсарымен танысу мақсатында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және киелі орынның қызметкерлері бүлдіршіндермен кездесті.

Бас имам балалармен жүздесу барысында имани тәлім-тәрбие, үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу жайлы сөйлесті. Сондай-ақ мұсылман баласы ешқашанда өтірік айтпауы, бұзақылық жасамауы керектігі, көркем мінезді азамат болып қалыптасуы қажеттігі жайлы сөз етті.

Сонымен қатар қонақ балаларға сый-сыяпат та көрсетті.

Жалпы Түркістан облысының Арыс қаласынан демалуға келген балалар уақыттарын көңілді де мазмұнды өткізуде. Олар да өздеріне ерекше ықылас көрсеткен мешіт қызметкерлеріне дән риза болысты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат