Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ БАУЫРЖАН ЕСМАХАН АҚТӨБЕДЕ

nurgasyr.kz 13.08.2019 223 0 пікір

Айттың алғашқы күні Бауыржан Есмахан ақшам намазынан кейін «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатына тағылымды уағыз жүргізді. Мешіт жамағаты да көкейдегі сауалдарын қойып, өз ризашылықтарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Б.Әбдірашұлы «Нұрдәулет мешітінде» болып, жеке қайырымдылық қорының басшысы М.Байжарқыновпен кездескен еді. Ару Ақтөбенің көркіне айрықша ажар берген ғибадатхана ұжымын 20 жылдық мерейтойымен және Құрбан айтпен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Өз кезегінде Мақсат Нұрдәулетұлы дін қызметкерлеріне аталық алғысын арнап, ақ батасын берді.

Сондай-ақ, наиб мүфти кеше «Оңтүстік Батыс-2» аумағында салынып жатқан Ақтөбе медресе-колледжінің жаңа құрылыс алаңына барды. Медресе-колледждің директоры Ә.Дәуренбеков жұмыс барысын баяндап, оқу орталығының жаңа құрылысымен таныстырды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат