Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Наиб мүфти Ақтөбеде айт намазын жүргізді

nurgasyr.kz 11.08.2019 256 0 пікір

Әлем мұсылмандарының ұлық мейрамын Ақтөбе облысының жұртшылығы айрықша қуанышпен қарсы алды. Ақтөбе мешіттерінде таңғы сағат 7.00-де айт намазы басталды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, облыс жамағатын мерекемен құттықтады.

Аллаға құлшылықпен басталған мұсылман мейрамы, әрі қарай өзінің нақышты сән-салтанатымен ұлттық мерекеге ұласты. Өңір басшысы өз құттықтауында:

«Құрметті ақтөбеліктер, қадірлі жерлестер! Сіздерді қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау ұлық мерекеде адамдар құрбан шалып, бейбітшілік пен жақсылық жолында ұйысып, ізгі амалдар жасайды. Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрам. Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде. Бұл мемлекетіміздің руханиятқа жасаған айрықша қамқорлығының бір көрінісі», - деді.

Бұдан кейін Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан қажы Есмахан жұртшылыққа Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, халыққа ізгі тілегін арнады. Наиб мүфти айт намазын жүргізіп, хұтпа оқыды.

Облыс басшысы О.Оразалин көпшілікпен бірге киіз үйлерден дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалады. Жастарға ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Топ-топқа бөлінген жамағат арқан тартысып, күресіп, білек күшін сынасты. Жеңімпаздарға сый-сияпат үлестірілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат