Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА

yassi.kz 11.08.2019 264 0 пікір

Қазығұрт ауданында қасиетті Арапа күні Шарбұлақ және Жігерген ауылдарында екі мешіт пайдалануға берілді. Бірі жеке кәсіпкердің демеушілігімен, екіншісі жергілікті жұртшылықтың жұмылуымен бой көтерді.

Жігергендегі Алла үйінің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораздың өзі қатысты.

 

Бас Мүфти:

"Мешіт салған азаматтар күмәнсіз иман келтіргендер және дүниені – фәни деп, ақыретті – бақи деп қияметке сенгендер. Алла Тағалаға құлшылық қылып, сауабынан үміт еткен пенделеріне бұйырады. Біз енді ұрпаққа да сол өнегені көрсетіп, адал менен арамды, обал менен сауапты, жақсы менен жаманның арасын ажыратуды үйретуіміз керек. Пайғамбарымыз "Сендер балаларыңа тәрбиеден басқа ешнәрсе қалдыра алмайсыңдар”- деген”,- деді.

Сондай-ақ, Бас Мүфти мешіт құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Ақсақалдардың иығына ізет-құрметпен шапан жапты.

Бесін намазын жігергендік жамағатпен бірге оқып, қариялардың ақ батасын алды.

Сонымен қатар журналистерге сұхбат беріп, Түркістан облысының халқын Құрбан айтпен құттықтады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат