Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫ МИНАДАҒЫ ТЕКСЕРУ ШАРАСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА (ФОТО)

10.08.2019 516 0 пікір

 

Мина жазығына келіп жайғасқан қазақстандық қажылардың жағдайын білмек үшін миссия жұмыс тобы тексеру шарасын жалғастыруда.

Алдымен миссия мүшелері "Хидаят нұр", "Нұр Қазақстан", "Әл Маруа", "Робинзон" және "Сембекова&К" фирмаларын аралап, шатырдағы ахуалға қанықты. Кейін "Зәмзәм", "Атлас", "Қызмет саяхат" компанияларындағы жағдаймен танысты. Олардың орналасу барысын қадағалап, артынша миссия төрағасы Алау Әділбаев жамағатқа қажылық пен арафатта тұрудың маңыздылығына тоқталса, миссия төрағасының орынбасары Ғылымбек Жәдігерұлы шүкір мен сабыр ету жайында ой қозғады. Өз кезегінде миссия мүшесі Алтынбек Ұтысханұлы минада болу, дұға тілеудің артықшылығы турасында жиылған жұртқа уағыз айтты.

Айта кетейік бүгін бесінге қарай барша қажылар арафатқа қарай асығады. Ал шатырлардағы қажылардың жағдайы тағы да тексерілмек.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат