Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан: Нұрбек Есмағанбет “Түлкібас ата” мешітінде

yassi.kz 09.08.2019 318 0 пікір

Бүгін “Түлкібас ата” мешітінде ҚМБД Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі жамағатқа Бас мүфти Серікбай Ораз Хазіреттің құттықтауын жеткізді.

Нұрбек Есмағанбет сергелдеңге түскен Сирияға қарап сабақ алып, шүкіршілік етпеске болмайтынын еске салды. 

Жұмаға жиылған жамағатқа қажылық жайлы сөз етіп: "Құнанбай Меккеге аттанарда өзінің жан досынан ауыр дұға сұрайды. Құнанбайдың арманы – қажылықта жан тапсыру. Алла Тағаладан өзіне ажал тілеуін талап еткен Құнанбайға досы: “Өзінің тілегі болса - қалсын, елдің тілеуі болса - оралсын” ,-деп батасын бергені жайлы баяндап берді.

Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жамағатты бір-біріне мейірімді әрі бауырмал болуға, шүкіршілік етуге шақырды. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат