Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан: Түлкібаста жаңа мешіт ашылды

yassi.kz 09.08.2019 378 0 пікір

Түркібасы атанған Түлкібаста жаңа мешіт ашылды. “Қыдырбай ата” есімі берілді. Сыйымдылығы  - 550 адам. 

Ашылу салтанатына ҚМБД-ның бөлім меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Бас Мүфтидің арнайы құттықтауын ала келді.

Жазушы, ел ағасы Мархабат Байғұтқа Төрағаның алғыс хатын табыс етті. Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, мешіттің жамағатқа толуын тіледі.

Алланың үйінің салынуына елге белгі меценат Қайрат Айтбай ұйытқы болды. Кәсіпкерлерді жұмылып, “Уақып” қорының қаржыландыруымен бас-аяғы бір жылда құрылысы аяқталды. Жаңадан тағайындалған мешіт имамы Ержан Шопановқа қызметтік үй де қатар берілді. Сондай-ақ келешекте бастырма мен 200 адамға арналған асхана салынатынын айтты.

Мешіттің тұсаукесеріне Түлкібастың тумалары Дархан Мыңбай, Дихан Хамзабекұлы, Мархабат Байғұт, Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Зейнеп Ахметова, Шерхан Мұртазаның қыздары, Нұрлан Өнербаев табылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат