Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шекарадан экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған үш қырғызстандық құрықталды

www.inform.kz 19.07.2019 261 0 пікір

Қырғызстан азаматтары Жамбыл облысына экстремистік әдебиеттерді кіргізбекші болған. Алайда, олар өз мақсатына жетпей қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында аталмыш департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүйелі жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пункті арқылы сот тыйым салған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әртүрлі уақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады», - дейді облыстық ПД баспасөз қызетінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ұсталғандардың әрқайсысына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат