Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Көкпекті мешіті «Жігіт сұлтаны» сайысын өткізді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 11.07.2019 236 0 пікір

Елімізде жарияланған «Жастар жылы» қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Көкпекті аудандық мешіті» жастар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысын ұйымдастырды.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған аталған сайысқа ауданның білекті, білімді ұлттық өнердің саңлақ, сайдың тасындай сайыпқыран жігіттері қатысып, бақ сынады. Олар аударыспақ, қол күресі, белдесу, қазақ күресі, көкпардан сынға түсіп, нағыз ер азаматтарға тән күштіліктпен ептіліктің үлгісін көрсетті.

«Жігіт сұлтаны» сайысы туралы шараның ашылуында «Көкпекті аудандық мешітінің» бас имамы Нұрнәсір Дүйсенұлы: «Жастар жылында ұлттық салт-санамызды насихаттап, ұлттық дәстүрді жаңғыртып, жастардың ұлттық спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық мешіттен осы сайысты өткізіп отырмыз. Сайысқа қатысушы жастармен келген көрерменнің ықыласы ерекше» деп атап өтті.

Сайыс аса тартысты өтіп, жарысты тамашалаушылардың қатары да мол болды. Жарыс жүлдегерлеріне сыйлықтар табыс етілді.

«Жігіт сұлтаны» жарысын тамашалауға келген көрермен қауым бұл шара аса қызықты болғандығын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат