Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесші тағайындалды

www.muftyat.kz 09.07.2019 1228 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Мекежанов Балтабай Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесші қызметіне тағайындалды. Белгілі дінтанушы ғалымды ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы таныстырды. Сөз басында төраға орынбасары кеңесшінің атқарған іргелі істеріне тоқталып, діни басқарманың алдағы жұмыстарына да белсенді араласатынына сенім білдірді.

Белгілі дінтанушы ғалым Балтабай Уажитұлы Мекежанов 1963 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің араб бөлімін бітірген. Университетте оқи жүріп, Үрдін Хашимиттік Корольдігінің Айман университетінде тіл ұстарту іс-тәжірибесінен өткен.

1990 - 95 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің араб кафедрасында ұстаздық қызметте болған.

1995 ж. «Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығында» жетекші маман ретінде бірнеше жыл ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.

2005 ж. ҚМБД-ның діни уағыз және оқу-ағарту бөлімше референт қызметіне ауысты.

2006 ж. ҚМДБ Бас мүфтидің жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі.

2007 - 2010 ж. ҚМДБ-ның аппарат басшысы болып, ҚМДБ-ның қажылық істерін басқарды.

«Діни экстремизмнің дүниетанымдық негіздері» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат