Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Алау Әділбаев бастаған делегация Сарайшық қалашығына барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысына арнайы сапармен келген делегациясы сан ғасырлық тарихы бар Сарайшық қалашығына барды.

Бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқановтан тұратын делегацияны Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров бастап барды. Делегацияны жергілікті билік өкілдерімен бірге Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев қарсы алып, құрмет көрсетті.

Сапар аясында мәртебелі меймандар хан ордалы Сарайшықтың тарихымен танысып, осы аймақтарда дүниеден озған марқұмдардың рухына Құран бағыштап, құрбандық шалды.               

Одан әрі жергілікті Сарайшық музейінде таныстырылым өтіп, сапар соңы салиқалы сұхбатқа ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат