Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Орталық мешіт жанынан жазғы лагерь ашылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 18.06.2019 395 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіт жанында орналақан діни басқармаға қарасты Ақтау қайырымдылық мекемесінде 5- ші маусымнан бастап жазғы лагерь ашылды. Балалары мұнда діни сауатын ашу үшін бірнеше ай бұрын ата- аналары өтініш тастап,тиісті құжаттарын рәсімдеген.

60 ұлдан тұратын алғашқы тобы маусымның 5-і мен 19 аралығы, екінші ұлдар тобы (60 бала) маусымның 20-ы мен шілденің 4 - і аралығы және 3- ші қыздар (60 қыз) тобы шілденің 5 – і мен 19 аралығында мекеме қабырғасында жатып оқитын болады. Ол үшін шәкірттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда оқушылар мұсылманның 40 парызын үйреніп, Құран әліппесімен танысады, және хадистер мен дұғаларды жаттап діни білімдерін жетілдіретін болады.

Қайырымдылық мекеменің ұстазы Режепов Ерболаттың айтуынша мұнда тәлім алатын шәкірттерге тек қана діни білім беріп қана қоймай, ата – ананы құрметтеу, табиғат пен жан - жануарларды аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өтірік айтпау сыңды әдептілік бағытында да тәрбие беріледі. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат