Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Павлодар: «Имани жаз» - мектеп оқушыларына діни тәлім тәрбие береді

mazhab.kz 17.06.2019 287 0 пікір

Павлодар орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен «Имани жаз» тақырыбында мектеп оқушыларына діни тәлім тәрбие сабақтарын жүргізілуде. Қазақ және орыс топтары  4 -13 жас аралығында 52  қыз балаға 3 апталық дәрістерді бекітілген бағдарлама бойынша беруде.

 «Оқушыларымыздың  аптаның  6 күнін тиімді пайдалануына көп көңіл бөлеміз. Танертең сағат 10.00-14.00-ке дейін дәрістер, сосын түсте мешіт асханасынан шай тамақ беріледі. Құран әліппесі, Құран сүрелерін жаттау, Пайғамбарлар тарихы, Ислам әдебі, Ғибадат, Ақида сабақтарымен қатар  қол өнер сабағы, тамақ жасау, әр түрлі спорттық сабақтар және экскурция да жасаймыз.

Әр баланың  жас ерекшелігіне қарай осы сабақтарды түрлі тәсілдермен өтудеміз. Жасы кіші балаларға тақпақ, өлең түрінде жаттату арқылы олардың санасына дініміз исламды сіңіріп жатырмыз. Дәрістер мен тәрбие сабақтарын Тілеуова Нұрила, Кажуева Жұлдыз ұстаздар бәріміз бірлесіп жүргізудеміз дейді»,- "Әйел-қыздар" секторының меңгерушісі Тұрғынбай Ақерке.

Сонымен қатар бұл сабақтар осы жастағы ер балалар арасында да жүргізілуде. Діни сауат ашу курсына бүгінде 30-дан астам ұл бала тұрақты келеді. 

"Жалпы діни сауат ашу курстарының жаңа маусымы барлық адамдарға әр жылдың рамазан айында басталып, келесі рамазан келгенше жалғасын табады",-дейді «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Исабек Ақжол.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат