Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ДІНБАСЫ МЕН ДЕПУТАТ СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.06.2019 775 0 пікір

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазовпен кездесті.

Екіжақты сұхбат барысында Дінбасы мен депутат қоғамдық келісім мен дінаралық татулықты, тұрақтылықты нығайту бағытында ықпалдасып жұмыс жүргізу, Әлемдік және дәстүрлі дән лидерлері съезінде қабылданған қарарлар мен үндеулерді халыққа насихаттау, қоғамда қайырымдылық шараларды ұйымдастыру, т.б. мәселелер бойынша пікір алысты.

Сонымен қатар басқосуда жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселесі де сөз болды. Бас мүфти бұл бағытта мүфтияттың атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

Кездесу соңында тараптар ел игілігі үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат