Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Жазғы сауат ашу курсы басталды 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.06.2019 425 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Иман әліппесі» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Аталған жазғы сауат ашу курсының салтанатты ашылу рәсімі «Халифа Алтай» мешітінде болды. Шараға жеткіншектер мен ұстаздар және ата-аналар қатысты.

Салтанатты шарада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Исламда білім алудың маңызын ерекше атап көрсеткен. Жас жеткіншектер сендерді ата-аналарың имани тәлім, рухани білім алсын деп жазғы сауат ашу курсына әкеп отыр. Сондықтан ұстаздарды мұқият тыңдап, оқуға ынталы болуларың керек» деп ұстаздарды және оқу бағдарламасын таныстырды.

Қазіргі таңда «Халифа Алтай» мешітінде 106 жеткіншек білім алып жатыр. Жас айырмашылығына қарай бөлінген оларға 10 ұстаздар дәріс беруде. Білім жолына қадам басқан жеткіншектерге мешіттің ақсақалы ақ батасын берді.

Жазғы сауат ашу курсы 1 айға жуық уақыт жалғасады деп жоспарланып отыр.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат