Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қарағанды: Облысқа қарасты қала, аудан, ауыл имамдарының семинары өтті

 Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.06.2019 443 0 пікір

ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты имам-молдалардың қатысуымен төралқа жиналысы болып өтті. Жиналысты Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа мырза жүргізді. Жиында дін қызметкерлеріне ҚМДБ-нан жүктелген міндеттер талқыға салынып, түрлі бағыттар бойынша бірнеше мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, дін қызметкерлерінің этикасы, жамағатпен өзара қарым-қатынасы, жат ағым бойынша, отбасы және ислам, жастармен жұмыс мәселелері қозғалды. Қасиетті рамазан айында облысқа қарасты мешіттерде атқарылған іс-шараларға баға берілді.

Имамдардың жұмыстары сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктерге бас имам тарапынан ауызша ескертулер де берілді. Жиналыс барысында жат ағымдармен жұмысты әрі қарай күшейту, облыс көлеміндегі халал өнімдерін өндіретін орындарды толықтай құжаттандыру, жастар ісі бөлімінің кездесулер санын арттыру, дәстүрлі дінімізді мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік орындарда көбірек насихаттау сынды жұмыстарын қолға алып, тапсырмалар берілді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат