Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетіне сенатор Сергей Ершов арнайы ат басын тіреді

nmu.kz 04.06.2019 346 0 пікір

Сенаторлық деңгейдегі лауазым иелерінің еліміздегі жалғыз ислами университетке арнайы ат басын тіреп, тыныс-тіршілігімін танысып, жанашырлық танытуы – Нұр-Мүбарак университетінің ел дамуындағы маңыздылығын әрі сенатор Сергей Ершовтың азаматтығын аңғартса керек.

Ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жиндидің қабылдауынан басталған кездесуде Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты Сергей Михайлұлы қасиетті Рамазан айына өз құрметін көрсетті. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым Комитетінің жауапты мүшесі сенатор Ершов зиярат кезінде оқу орнының жағдайын тиянақты талқылап, оқу кешенін аралап шықты. Бас ғимараттағы дәрісханалар мен SmartClass, конференц залдары, кітапханалармен қоса, жатақхананы да жіті аралап, әр бөлмедегі жағдайлармен танысып, студенттермен тілдесті. 

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев сенаторға университеттің бүгінгі қажеттіліктері мен түйткілдерін де ашып айтты. Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, доцент Жалғас Сандыбаев, университет құрамындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры докторант Асқар Сабдин мырзалар да өз салаларына қатысты мәселелерді сенаторға жеткізді.

Танысу сәтінде сенатор Сергей Ершов Нұр-Мүбарак университетінің заманауи талаптарға сай нағыз иманды да білімді, білікті дін мамандарын даярлайтын жоғары білім ордасы екендігін көрді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат