Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбеде әкелер жақсылықта жарысуда

nurgasyr.kz 18.05.2019 292 0 пікір

Биыл Ақтөбе облысында екінші рет «Менің Әкем» атты сайыс өтіп жатыр. КТК телеарнасының жүргізушісі, журналист Жаңалық Ақаш бастаған жобаның мақсаты - шаңырақ иесі, асқар тау әкелердің беделін көтеру. Аталмыш сайысқа өңірдегі қамқор да батыр әкелер қатысуда.

Кешегі Жұмада Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Садиев Амантайдың ұйымдастыруымен, үлгілі отбасы болып отырған өнегелі әкелер құрметіне арнайы дастархан жайылып, ауызашар берілді. Ауызашарға шақырылған 85 қонақтың 60-қа жуығы – «Менің Әкем» сайысына қатысушы әкелер.

Берекелі дастарханда бас қосқан үлкен-кіші әкенің отбасындағы орны жайында сөз қозғап, әкені қадірлеп, құрметтеудің жас ұрпақ міндеті екендігі сөз болды. 

Сондай-ақ, «Ерім деген ел болмаса – Елім деген ер қайдан шықсын» демекші, ер азаматтардың қоғам мен отбасы алдындағы міндеттері де әңгіме арқауына айналды.

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат