Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе: Балаларға – базарлық

nurgasyr.kz 18.05.2019 186 0 пікір

Бүгін Темір ауданы "Шұбарқұдық кәсіпшілігі" мешітінің бас имамы Нұрлыбек Сабырғалиұлының ұйымдастыруымен бір топ жамағат қасиетті рамазан айында аудан орталығындағы "Жетімдер үйіне" барды.

Шұбарқұдық кентіндегі балалар үйіне азық-түлікпен және 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар жас жеткіншектерге «Рамазан – дұға айы» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтылды. Балалар да өз өнерлерін ортаға салып, бірі – ән айтса, енді бірі - өлең оқып, барша жамағатты бір серпілтіп тастады.

Бас имам тәрбиеленушілердің жағдайымен танысып, ашық-жарқын сұхбаттасты. Тағылымды жүздесу соңында имам Құран оқып, ақсақал балаларға бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат