Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Бас имам Жылыой мешітіне қызметтік көліктің кілтін тапсырды

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 18.05.2019 267 0 пікір

Кеше Жылыой ауданының орталық мешітіне қызметтік көлік сыйға тартылды. Темір тұлпардың кілтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаевқа салтанатты жағдайда жұма намазы кезінде табыс етті.

Жұма намазы алдында жамағат алдында сөз сөйлеген Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров су жаңа Renault Duster көлігін мешітке сыйға тартқан жергілікті кәсіпкер, «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиевке алғыс айтып, иығына шапан жапты.

«Асыл дініміздің дамуы жолында Келбатыр Құлғазиев ағамыз үнемі өз үлесін қосып келеді. Жүрегі дін деп соққан ағамыз бұған дейін республикалық, облыстық деңгейде өткен азан жарысы, Құран жарысына демеушілік жасап, медресе, мешіт құрылыстарына қаржылай қолдау көрсетіп жүр. Алла разылығы жолында атқарып жатқан игі істеріңіздің сауабы мол болғай»,- деді Батыржан Мансұров.

Салтанатты шара барысында «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиев аймақта, соның ішінде Жылыой ауданында имандылық, ізгілік, асыл дінімізді тарату жолында игі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат