Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ислам институты жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Ислам институтының баспасөз қызметі 17.05.2019 388 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында жөндеу жұмыстары басталып кетті. Рамазан айының құрметіне жөндеу, жаңарту жұмыстарын жүргізуге Ислам институтының демеушілері белсене атсалысуда.

«Институт демеушілерінің көмегімен күрделі жөндеу және жаңарту жұмыстарын жыл сайын жүргізіп отырамыз. Бұл жұмыстар ең алдымен оқуға жан-жақтан келетін имамдардың білім алуларына ыңғайлы болу үшін жасалады. Биыл да осы үрдіс бойынша берекесі мол рамазан айында жанашыр бауырларымның көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Демеушілеріміздің рамазан айында жасап жатқан құлшылықтары қабыл болып, Алла Тағаланың разылығына бөленсін», – деген игі ниетін жеткізді Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.

Қазіргі уақытта Ислам институты жөндеу жұмыстарын аяқтап, рамазан оразасынан кейін кезекті оқу легін қабылдауға дайындық жұмыстарын жүргізуде .

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат