Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАН: 3 АЙ ІШІНДЕ 17 ҮЙ СЫЙҒА БЕРІЛДІ

taglym.kz 17.05.2019 332 0 пікір

ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясындағы 57-ші, 58-ші баспананың кілті Талдықорған өңірінде, нақтырақ айтсақ, бірінші үйдің кілті Ақсу ауданы, Суықсай ауылындағы көп балалы Нұрлан Бекжигитов пен Әлімғазы Гүлімге берілсе, 2 үйдің кілті жергілікті жамағаттың қолдауымен Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылы мен Шолақай ауылының көпбалалы екі отбасына бұйырды, тағы екі үйдің кілті Кербұлақ ауданына қарасты Шұбар және Сарыбұлақ ауылындағы көпбалалы отбасыларға берілді. 

"Зекет" қорының өкілдері үйдің лентасын қиып: «Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың бұл жобасы әсте тоқтамай, қарқынды түрде келе жатқаны көпшлікті тәнті етуде»,- деді.

Айта кететін жайт, Алланың қалауымен, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының мұрындық болуының арқасында аталмыш жоба аясында Талдықорған өңірі бойынша соңғы 3 айдың ішінде 17 баспана тарту етілді.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат