Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: «Ұмра» қажылығына жолдама берілді

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 16.05.2019 709 0 пікір

Бүгін Тәжиден Батырұлы мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан – Құран түскен ай» облыстық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

"Шараның негізгі мақсаты - ислам дінінің негізгі құндылығын түсіндіру, шәкірттерді және мешітіміздің жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру, Пайғамбарымыз өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа, мұсылмандыққа тән қасиеттерді қалыптастыру",- дейді ұйымдастырушылар.

30-дан астам өтініштер қабылданған бұл жарыс қаламызда жыл сайын өткізіледі. Жас ерекшеліктеріне қарай шектеу қойылған бұл жарысқа бақтарын сынау үшін жасөспірімдер қатысты.

Құран Кәрімді жүрегіне қондырып, оның асыл сөздерін оқып, жаттаған үміткерлерге ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қырғыз елінен келген қари Алижон Сатторов, Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Кенжин қазылық етті.

Қазылармен ақылдасу арқылы бұл жарысқа арнайы талаптар қойылды. Қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасынан қазылар ұсынған сүрені жатқа айтып, бақтарын сынады.

Қорытындылай келгенде Бас жүлде – Ұмра қажылығы Оралдық 13 жасар Омар Мұханғалиевке бұйырды. Ал бірінші және екінші орынмен Оралдық Жәрдем Абдурахман (100 000 теңге) және Саид Қайратұлы (70 000 теңге), үшінші орынмен Сырымдық Рафқат Қайыржан (50 000 теңге) марапатталды. Сонымен қатар 10 қатысушыға ақшалай ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат