Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы: Үшқоңыр медресе колледжі студенттерінің кезекті жеңісі

Колледж директоры Амиров А.М 16.05.2019 799 0 пікір

2019 жылғы 11 мамырда Алматы қаласы Орталық Азия университеті базасында Кіші ғылым академиясының 45-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Әділ қазылардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Үшқоңыр медресе колледжі Исламтану мамандығының студентері Яхуда Думан «Қазақ және араб даласындағы халық ауыз әдебиетіндегі айтыстар мен өлең-жырларын салғастыру» тақырыбымен (ғылыми жетекшілері Амиров А., Хуат Х,. Омарбекова Ш), Ерхамза Асия «Экологиялық ыдырайтын таза пакеттер» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Шукурова Ә) - I дәрежелі дипломмен марапатталса, ал Серік Ұлар « Цифрлы құрылғылардың балаларға беретін зияны» (ғылыми жетекшісі Бағдал А) - тақырыбымен II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясының ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат