Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Министр ораза ұстаушылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жандарға ауызашар берді

15.05.2019 491 0 пікір

«Нұр Астана» мешітінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мырза ауызашар дастарқанын жайды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылда ауызашар дастарқандарында ел ағалары, іс басында жүрген асыл азаматтар да халықпен бірге болып, жұртшылықтың арасына келіп, ораза ұстаушылар мен қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға арнап ауызашар беріп көптің алғыс-батасын алып жатады. Халықтың ықыласына бөленіп жүрген министр өзі бас болып биыл да осы үрдісті жалғастырды. «Нұр Астана» мешітінде жиналған халыққа ауызашар дастарқанын жайған министр мырза халықты қасиетті аймен құттықтады.

Сонымен бірге, халқымыздың тыныштығы мен елдің тұтастығы жайында ой қозғап, тыныштықтың ең үлкен жақсылық екенін тілге тиек етіп, халықты әрдайым ауызбіршілікте болу жайында салиқалы ойларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Астана» мешітінде ай бойы күнделікті 400 адамға ауызашар берілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат