Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Семей: «Әйел- қыздар секторы» көп балалы отбасыларға ауызашар берді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2019 553 0 пікір

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел- қыздар секторының» ұйымдастыруымен ауызашар берілді. Жайылған ақ дастархан басына көпбалалы отбасылар және Семей қаласындағы мешіттерде білім алып жүрген әйел жамағаты шақырылды.

Берекелі Рамазан дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, ұстаздар келген қонақтарға тағылымды уағыздар айтса, сауат ашу курсының шәкірттері тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетті. Ақ жаулықты әжелер елімізге тыныштық, дініміздің қанат жаюы үшін дұға тіледі.  

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат