Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Бір күнде 7000-нан аса адамға ауызашар берілуде

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2019 152 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айына «30 шара, 30 ауызашар» жобасын іске асыруда. Бұл бағытта өңірге қарасты барлық мешіттерде күн сайын ауызашарлар ұйымдастырылып жатыр. Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес өңірдегі зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдарға, түрлі сала мамандарына және жамағатқа ауызашарлар берілуде.

«Қазіргі жағдайда күніне 7000-нан астам халыққа ауызашар жасап отырмыз. Ауызашарларда еліміздің ынтымағын насихаттаған ислам құндылықтарынан уағыз-насихат айтылуда»,- деді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.

Бұл шара имамдардың халықпен байланысын арттыруда үлкен маңызға ие.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат