Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан: Тәжірибе алмасу жалғасып жатыр

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.05.2019 441 0 пікір

ҚМДБ мен Өзбекстан арасындағы дін істері бойынша мәмілеге сай Түркістан облысында еларалық тәжірибе алмасу жалғасып жатыр. Өткен жолы көрші мемлекеттен 7 өкіл келіп, Сайрам, Сарыағаш, Келес аудандарында насихат жүргізіп кеткен-ді. Араға біраз уақыт салып, екі теолог-имам тағы келді.

Ёрқын Қултаев пен Хасан Қадиров Сайрам аудандық әкімдігінде деструктивтік ұстанымдағы азаматтармен жалпы кездесу өткізді. Сондай-ақ, олар "Ашбұлақ", "Халнияз ата", "Ортабұлақ", Айнабұлақ", "Халдар", Қалдаман", "Маллахан", "Сүлеймен баба", "Сайд Әли қажы", "Ынтық Иманәлиев" мешіттерінде жамағатпен жүздесті. 

Өзбекстандық әріптестер Сайрам ауданының округ имамдарымен бас қосты. Семинар-тренингте екі жақ теріс жолда жүргендермен жұмыс істеу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат