Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе: Облыс әкімі ауызашар берді

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 13.05.2019 455 0 пікір

Рамазан айы қарсаңында өңір басшысы Оңдасын Оразалин орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 150-ден астам адамға ауызашар берді. Оңдасын Сейілұлы ауызашарға жиналған жұртшылыққа жүрекжарды лебізін арнады.

«Алла Тағала: «Тек Ораза мен үшін, оның сауабын өзім беремін»,- деген. Сондықтан, біріншіден, ораза – Аллаға құлшылық. Екіншіден, еліміздің ауызбіршілігін, бір-бірімізге деген сыйластығымызды көрсетейік деген ниет. Рамазан айы – ерекше кезең, имандылық пен сауапқа тәрбиелейді. Ораза тұтудың өзі – үлкен сын. Ол тек күндіз тамақтан тиылу емес. Бұл – рухымызды көтеретін, тазалық пен имандылыққа шақыратын кезең. Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Оразаларыңыз қабыл болсын! Ел Тәуелсіздігі тұғырлы болып, келешегі кемел болсын!»,- деді облыс әкімі.

Бұдан кейін профессор З.Байдосов, танымал философ-ғалым А.Айталы және т.б. қонақтар сөз сөйледі. Ал, өкіл имам Төлеби Оспан облыс әкімінің отбасы жайған дастарханнан дәм татқан жамағат атынан ризашылық білдірді.

«Рамазан – адам баласын жан-жақты тәрбилейтін ай. Ораза ұстау дегеніміз – тек қана жеп-ішуден тиылу емес, бүкіл ағзаңа ораза ұстату. Сонда ғана адам оразадан рухани ләззат алады, іздегенін табады. Ораза – мұсылманның есепсіз сауапқа кенелетін айы. Сол себепті, берген ауызашарыңызды қабыл етіп, мол сауаптар нәсіп етсін», - деді Төлеби Дәділұлы.

Берекелі дастарханның соңында ата-баба рухына Құран бағышталып, қадірменді қария елімізге береке-бірлік тілеп, бата қайырды.  

       

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат