Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан: «Құран айында Құран үйрену курсы» ашылды

ummet.kz 09.05.2019 232 0 пікір

«Нұр Астана» мешітінде Рамазан айына орай алғаш рет  «Құран айында Құран үйрену» атты арнайы курс ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан – Құран айы. Яғни, бұл айдың қасиетті кітабымыз Құран Кәріммен байланысы ерекше. «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Ақиқатында Біз оны Қадір түнінде түсірдік», дейді. Құран Кәрім осы айдың ең қасиетті түнінде уахи етіліп, түсе бастаған. Қасиетті айдың «Құран айы» деп аталуы да ең әуелі адамзат тарихындағы осы бір елеулі уақиғаға байланысты. 

Хақтан хабар түскен қасиетті айда тақуа жандар Құранды үйренуге, оқуға, жаттауға және хатым жасауға құлшынады. Тарихи деректерге сүйенсек, мазһабымыздың көшбасшысы, ұлық имам Әбу Ханифа Рамазан айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткені айтылады. Осы бір қасиетті уақытты дұрыс пайдалану мақсатында қолға алынған «Құран айында Құран үйрену» атты жаңа курс бір ай бойы өз жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат