Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Наиб мүфти жұма уағызын айтты

ummet.kz 11.05.2019 449 0 пікір

ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, І наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен тақырып бойынша «Ислам – береке-бірілік негізі» атты жұма уағызын айтқан наиб мүфти, жиналған жамағатқа асыл дініміздің арда құндылықтары жайында ой толғап, тыныштық нығметінің қадір-қасиеті, береке-біріліктің маңызы жайында сөз қозғады.

«Құрметті бауырлар! Ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады.  Сол себепті Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтайық.

Сөзімізді Пайғамбарымыздың ﷺ мына бір хадисімен аяқтайық: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өтте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады.

Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін» Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішіндегі өзге дін иелеріне емес, мұсылмаға бүлік шығармауды бұйырып тұр», - деді наиб мүфти.  

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат