Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Ардагерлерге құрмет көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

ummet.kz 10.05.2019 260 0 пікір

Жылдағы үрдіс бойынша «Нұр Астана» мешітінің қызметкерлері  Жеңіс күнінде ардагер қарттардың үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, игі тілектері мен алғыстарын білдірді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Тарих қойнауында көмілген сұрапыл кезең қанша алыстағанымен ұрпақ жадында мәңгіге сақталары анық. Себебі, әрбір әулеттің, әрбір отбасының зұлмат күндермен байланысты өзіндік айтылмаған шері мен сыры бар. Сондықтан болар бүгінде бейбіт әрі азат елдің ұрпағы жылдан жылға қарасы азайып бара жатқан соғыс ардагерлерінің көңілін алып, алғыс айтып үлгеруге тырысуда.  

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған топ Садықов Тұрысбек ақсақалдың үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, хал-жағдайын білісті. Сонымен бірге соғыста қыршын кеткен азаматтардың рухына бағыштап дұға оқылды. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері Исенов Нариман және Отаров Ілияс №2 қалалық аурухананың пульмонология бөлімінде ем қабылдап жатқан соғыс ардагері Усин Селбек Әкімбекұлының көңілін сұрап, Жеңіс мейрамымен құттықтап қайтты.




 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат