Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.05.2019 524 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен мешіт имамдары Жеңіс күніне орай ардагерлерді арнайы зиярат етіп, құрмет көрсетті.

Кешегі сұрапыл соғыс уақытындағы және соғыстан кейінгі жылдарда бастан кешкен оқиғалары мен қиыншылық өмірді қаз қалпында суреттеп берген қарияларымыздың бірі 99 жастағы Бөрібай ата осындай бейбітшілік заманның қадірін біліп, Аллаға шүкіршілік айту бүгінгі ұрпаққа жүктелген міндет екенін түсіндірді.

Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін, болашақ ұрпағы үшін еш қаймықпай, ерлікпен шайқасқан егемен елдің ержүрек батырлары тәуелсіздігіміз баянды, халқымыз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз бақытты болуын тілеп дұға жасады. Құттықтап келген имамдарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Өкіл имам бастаған дін қызметкерлері өз кезегінде батыр ата-әжелерімізге жасаған ерең ерліктері үшін барша халықтың атынан тағзым етіп, арнайы сый сияпаттарын ұсынды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат