Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Павлодар: Қажылар қауымдастығы ауызашар берді

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 10.05.2019 227 0 пікір

Рамазан айының 3-күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Павлодар қалалық қажылар қауымдастығы 500-ге жуық адамға ауызашар жасады.

«Бүгінгі ауызашарға қажылық парызын өтеген  ата-апалар, басқа да әлеуметтік топтағы адамдар, жастар өкілдері де түгелдей қамтылды. Ауызашар  ораза тұтушылардың құрметіне, сонымен қатар Қазақстан қажылар қауымдастығы орнауының  15 жылдық мерекесі құрметіне орайластырылды. Сондықтан да  соңғы бірнеше жыл бойы қажылар қауымдастығы тарапынан ұйымдастырып келген әртүрлі мәдени-иләһи іс-шараларға белсенді  атсалысып жүретін қажыларды   «Қажылар қауымдастығына-15 жыл» төсбелгісімен  және алғыс хаттармен марапаттадық»,-дейді қалалық қажылар қауымдастығының төрайымы Рымтай қажы Сапарбекқызы.

Ауызашарда қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы жиналған қауымға тәлімді уағыз айтса,  мешіт шәкірттері болған жас қарилер бабалар рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар қаланың құрметті ақсақалдары, ата-апалар өз лебіздерін білдіріп, жиналған

Берекелі дастарханның соңында  имамдар ата-бабалар рухына Құран бағыштап, аталар ел-жерімізге тыныштық, халқымызға береке тілеп бата қайырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат