Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Бас мүфти атынан ауызашар берілді

Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан берілді.

Ауызашар дастарханына келген жамағатты Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров құттықтады.

«Ораза – Алла Тағала мен пенде арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Рамазан айын сауапты амалдармен өткеруді нәсіп еткей. Жастарымыз аман, ел іргесі берік болсын»,- деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров әр күнді ізгілікке арнауға үндеді.

Рамазан айын Атыраудың бас мешіті алты киіз үймен қарсы алып отыр. Киіз үйдің екеуі ерлер жамағатына, екеуі әйелдер жамағатына, біреуі жастарға, біреуі қонақтарға арналған. Осылайша орталық мешіттен бір мезгілде 750-800 адамға ауызашар беріледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат