Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Журналистерге ауызашар берілді

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 08.05.2019 198 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде облыстық БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді. Ақ дастархан басына облыстық баспасөзде қызмет атқаратын қаламы қарымды журналистер жиналды.

Ауызашарда ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Өкілдіктен атқарылып жатқан рухани шараларды үнемі насихаттап қолдау көрсетіп келесіздер. Өңірдің жаршысы-журналистер қауымы сіздердің еңбектеріңіз құрметке лайық. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын»,- деп ізгі тілегін жолдады.

Ақ дастархан басында салиқалы сұхбат өрбіп, рухани тақырыптағы әңгіме қозғалды. Өкіл имам БАҚ өкілдеріне Рамазан айында жоспарланған «30 ғибратты шара» жобасы жайлы айтып, Рамазан айында жасалатын шаралар туралы ақпарат берді.

Журналистер өкілдікке алғыстарын білдіріп, барынша бірлесе жұмыс жасайтындықтарын айтты. Ас соныңнан бата жасалып, елімізге бейбітшілік, халқымызға ынтымақ тіледі.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат