Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 09.05.2019 357 0 пікір

Оралда ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов пен Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Абдрахманов соғыс ардагері Қайыржан Байменовты мерекемен құттықтады.

«Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Дінімізде ешкімді алалау, шеттеу жоқ. Ел тыныштығын, дін татулығын қашанда қолдаймыз. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтан да, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз!», – деді бас имам Еркебұлан Ыбрайымұлы.

96 жасқа келген ақсақал, соғыс ардагері Қайыржан Байменов кешегі қиын-қыстау заманнан естелік айтып, елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. Қария бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дінаралық таулықтың бүлінбеуін тіледі.

Жүздесуден кейін ақсақалға естелік сыйлық табысталды. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат