Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: «Зекет» қоры қасиетті айдағы қайырымдылық акциясын бастады

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.05.2019 633 0 пікір

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай, 50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы: «Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек»,-дей келе, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қалтасын үлестірді.

Акция аясында көмек алған көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар Өкіл имам бастаған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат