Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: "Иманғали" орталық мешітінде 30 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Рамазан айының құрметіне Атыраудың орталық "Иманғали" мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Бір сәтте отыз отбасыға азық-түлік пакеті таратылды. Акция әлеуметтік тұрмысы төмен мұқтаж  жандарды қамтыды. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде өткен акцияда қамкөңіл жандарға азықты Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров пен орталық мешіттің ұстазы Хусейн Кая тапсырды.

"Рамазан - рақымшылық айы. Рамазан - ізгілік айы. Демек, осы кезеңде қай-қайсымыз да ізгілікті іс атқарып, сауап жинауға асыққанымыз абзал",- деді Бас имам Батыржан Мансұров.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат