Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырау: Бас имам бастамасымен құрылған кітап клубы сынақ тапсырды

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 08.05.2019 334 0 пікір

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Жастар жылына орай орталық "Иманғали" мешіті жанынан жастардың кітап оқу клубы ашылып, жұмысын бастағаны белгілі.

Клуб аясында жастарға клуб жетекшілері белгілеген кітаптар оқуға беріліп, шәкірттердің ілімі сараланып жатыр. Жақында жастар Осман Нури Топбаштың «Хаққа арналған жастық шақ» атты кітабы бойынша сынақ тапсырды. Емтиханға 24 шәкірт қатысты.

Сынақ шәкірттерден жазбаша түрде алынды.

Келесі кезеңде шәкірттерге «Пайғамбарымыз (с.а.у) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» атты кітап оқуға берілді.

Жыл соңында үздік шығып, белсенділік танытқан жасқа мүфтияттың Атырау өкілдігі тарапынан кіші қажылыққа жолдама берілетін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат