Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе: Әйелдер сауат ашу курсының жетістігі

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 08.05.2019 793 0 пікір

Жақында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, қалалық орталық мешіт және «Досжан Хазрет» мешіттерінің қала бойынша әйелдерге арналған діни сауат ашу курстары 7 айлық оқу бағдарламасын тамамдап, биылғы оқу жылындағы жұмысын қорытындылады.

Барлығы 80 әйел қатысқан емтиханның алғашқы кезеңінде фиқһ, ақида, пайғамбар тарихы, тажуид пәндерінен тесттік тапсырды. Қорытынды сынақтың 2-ші кезеңінде шәкірттер қасиетті Құран Кәрімнен «Ясин», «Рахман», «Мүлк» сүрелерін және 30-шы параны жатқа тапсырды.

 

Биылғы емтихан нәтижесінде берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, сауалдарға мейлінше дұрыс жауап беріп, курстың оқу бағдарламасын толықтай меңгергендігін дәлелдеген шәкірттерге - 7 айлық курсқа қатысқандығын растайтын Сертификаттар тапсырылды.

Құран Кәрімді жаттап, тестті үздік тапсырған 26 шәкірт ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспанның «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат