Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алтынбек Ұтысханұлы Атыраудың бас мешітінде жұма уағызын жүргізді

www.islam-atyrau.kz 06.05.2019 694 0 пікір

Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында мүфтияттың «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Жергілікті мешіт жамағатымен кездесу кезінде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ораза ұстаудың қадір-қасиеті туралы айтты.

«Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік-жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, Алла Тағала оразаны басқа ғибадаттардан ерекшелеп, оның сауабының қаншалықты екендігін Өзі ғана білетіндігін айтқан. Әбу Һурайра Алла Елшісінен риуаят еткен құдси хадисте: Алла: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал, (ораза) Мен үшін болғандықтан, оның сауабын өзім беремін»,- деген»,- деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат