Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Күршім имамдары үндеу тастады

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.05.2019 806 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы бастаған аудандық мешіттің имам-молдалардың елге үндеу тастады.

«Қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы үндеу жасап отырмыз. Қоғамдағы барлық келеңсіздік пен қылмыс-қайшылық арақтан бастау алады десек, артық айтқандық емес. Сондықтан қасиетті оразада арақ сатпай, оны тұтынбай имандылыққа бет бұру, жастарға өнеге көрсету өте маңызды»,- деп атап өтті.

Күршім имамдары аудан көлеміндегі дүкендерді аралап Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы ұсыныстарын білдірді. Аудан имамының ұсынысын кәсіпкерлер де қолдап, арақ-шарап саудаламауға уағдаласты.

Бұл бастаманы Өскемен өңірінің басқа да аудандарында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат