Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Имамдар интевсивті курстан өтті

imam.kz 06.05.2019 403 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты бір айлық интенсивті оқу бағдарламасы аясында қазақстандық 34 және моңғолиялық  8 мешіт қызметкерлерін оқытып шықты. Оқу бағдарламасы бойынша барлық тыңдаушылар курс соңында емтихан мен сынақ  тапсырып, куәлік алды.

Салтанатты куәлік табыстау рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша депртаменті өкілі Сайлау Оразов Сартайұлы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Көшеке Ерғали Ахылбекұлы,  Алматы қаласы, Қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша бас маманы Сағидолла Берденов Саяушұлы қатысты.

Кездесу барысында Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  Жастар жылы  аясында жасалып жатқан жұмыстар жайында айтылды.

Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы  келген қонақтарға алғысын білдіріп, имамдарға куәлік табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат