Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сансызбай Құрбанұлы Павлодарда

mazhab.kz 04.05.2019 421 0 пікір

Қасиетті Рамазан айы қарсаңда ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі  Шоқанов Сансызбай Павлодар облысында болды. Сансызбай Құрбанұлы Павлодар халқына, мешіт жамағатына және қала, аудан, ауыл имамдарына ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі бекіткен соңғы пәтуалар, атап айтсақ  2019 жыл шыққалы жаңадан бекітілген «Жасанды кірпік және тырнақ жалғаудың үкімі», «Хайыз кезде Құран оқу үкімі», «Тіске пломба немесе қаптама салу үкімі», «Харам затты сатуға бола ма?», «Кесілген дене мүшелерін жерге көму үкімі», «Пойызда, ұшақта және қатынас көліктерінде намаз оқу үкімі» қатарлы көптеген пәтуаларды жан-жақты түсіндірді. Олардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Сансызбай Құрбанұлы жұмыс сапары барысында Ақсу қалалық мешіті, жұма күні «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жамағатына және «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде арнайы болып, оларға да жаңадан бекітілген пәтуалар, қасиетті Рамазан айы туралы уағыз - насихат жүргізді.

Іс-сапарын нәтижелі өткізген Сансызбай Құрбанұлы соңында облыстық «Шаңырақ» ойын-сауық орталығында өткен «Берекелі Рамазан» атты мәдени іс-шараға қатысып, халықты алдағы Рамазан айында Алланың парызын орындап, қайырымдылық, мейірімділік, жақсы амалдар көп жасауға шақырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат