Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде акция басталды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 04.05.2019 722 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен» атты жамағатқа Құран үйрету акциясы басталды. Бұл игілікті бастама қасиетті Рамазан айына орайластырылып отыр.

«Жамағат діни сауаттылығын арттырып, исламның рухани құндылықтарынан мол ғибратты тағылым алсын деген мақсатпен осы шараны жасап отырмыз»,- деді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Жұмаға жиналған жамағат игі істі қолдап, Құран үйрету акциясына қатысатындықтарын білдірді. Бұдан соң жамағатқа Құран кітабы таратылды.

Құран үйрету акциясы Рамазанның алғашқы күнінен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде басталатын болады.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат