Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақжайықта Рамазан айына орай пресс-конференция өтті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 04.05.2019 339 0 пікір

Қасиетті Рамазан айына орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.

Алдымен Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа Үндеуін жеткізіп, исі мұсылман жамағатын сағындырған "Рамазан айының басталуы" турасында кеңінен тоқталды. ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақаның құны 300 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестенің үлгісімен таныстырды.

Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Рамазан тәрбие ай екенін ескертіп, ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына өкіл имам жауап берді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат