Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстауда Құран жарысының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.05.2019 552 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде, Алматы қаласында өткен VIII Республикалық Құран жарысында 30-пара бойынша I-орынды иеленген Сатешов Сақи мен 10-пара бойынша III-орынды иеленген Ізгілік Омарды өкіл имам С.Сейтбеков көпшілік жамағат алдында арнайы құттықтады.

Қасиетті Құран Кәрімді оқудан басталған жиында өкіл имам Сатешов Сақиға қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, 11 жасар Ізгілік Омарға велосипед табыстады және осындай ұлдарды тәрбиелеген жеңімпаздардың ата-аналары мен Құран Кәрімді оқытып, жаттауды үйреткен ұстаздарына алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.

Қатарынан екі жыл Республикалық Құран жарысынан бас жүлдеге ие болған Маңғыстау өлкесі осындай жастарымен мақтанады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат