Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ УАХЫП ҚОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

03.05.2019 1895 0 пікір

 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өкімімен «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы ҚМДБ қайырымдылық және Уақып істері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Таугүл-3» мешітінің баспасөз қызметі.

«Таугүл-3» мешітінің жаңа имамы Ернар Мәженді мешіт ұжымы мен жамағатқа ҚМДБ халықаралық бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Бұған дейін мешітте имамдық етіп, «Таугүл-3» мешітінің игі іс шараларынан бастап, қазіргі таңдағы жамағатымен көрікті руханият орталығына айналуына үлес қосқан Камалжан Тұрдыбаевқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

 

Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы  

1977 жылы 25 мамыр Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

 

Жоғары білімі:

1994-1996 жылы Ислам институт оқып, 2007-2012 жылы Семей мемлекеттік педогогикалық институтын тәмамдаған.

2012-2014 жылы Семей Инновациялық университетінің Педогогика және психология магистрін және 2014-2016 жылы Шет тілдер және Іскерлік карьера университеті Дінтану магистрін бітірген.

 

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1996-1997 жылы ШҚО «Бородулиха ауданына қарасты Станция Ауылында имамдық қызметін бастаған.

1997-2004 жылы Семей қалалық «Тыныбай» мешітінің наиб имамы.

2004-2011 жылы «Тыныбай» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған болса, 2011-2013 Қос-Мұнаралы орталық мешіттің наиб имамы қызметтерін атқарды.

200132018 жылы ҚМДБ Дін істері бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2018-2019 жылы «Таугүл-3» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат