Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Атырауда азаншылар сайысы өтті

www.islam-atyrau.kz 03.05.2019 499 0 пікір

Бүгін Атырауда облыстық деңгейде ұйымдастырылған "Әсем әуезді азаншы" конкурсы өз мәресіне жетті.

Барлығы 98 үміткердің арасынан оза шыққандар Атыраудың бас мешітінде тыңдаушыларды тәнті етті. Бұл жолы екі қатысушы ең басты сыйлық - Умраға жолдаманың байрағын ұтып алды. Бірінші орын яғни, 500 мың теңгені Саламат Иманғалиев еншіледі. Екінші орын яғни, 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы Ұлан Балтабайға бұйырды. Үшінші орынды Асқар Масабаев иеленді. Оған 200 мың теңге көлеміндегі сыйақы бұйырды.

Бәйгеге тігілген бес бірдей ынталандыру сыйлығын Арал Дүйсенбаев, Марат Әби, Еркін Туралиев, Қадір Үмбет, Жорабек Охасов өзара бөлісті. Бұл қатысушылардың әрқайсы 100 мың теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.

Сайыс соңында демеушілер тағы да жеті қатысушыға ынталандыру сыйлығын тағайындады. Осылайша, Арман Абуталиев, Азамат Қапанов, Айсұлтан Байтүгел, Малик Бақтыбаев, Бекзат Амантурлин, Берікбол Теміртасов және Дастан Бақытжан арнайы түрде ынталандыру сыйлығының иегері атанды. Олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

"Азан иманның әсілін,  исламның болмысын қамтиды. Азан Алланы ұлықтайды. Осылайша, азаншы иманға куәлік етеді. Сол арқылы, адамдарды тек Аллаға құлшылық қылуға, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) соңынан еруге үндейді. Кезінде сахабаларымыз да азан айтуды немесе оны тыңдауды жақсы көрген. Демек, әуезді азан Алла құптаған ұлық амалдың бірі",- деп атап өтті жеңімпаздарды марапаттау кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Азаншылар конкурсына орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Хусейн Кая, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев қазылық етті. Сондай ақ, ҚМДБ-ның "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен  белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев арнайы келіп, қазылық етті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат